Мевлүт Чавушоғлу Малайзияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Малайзияға барды.

1863660
Мевлүт Чавушоғлу Малайзияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Стамбулда қол қойылған дәнді дақыл дәлізі келісіміне қатысты «Бұл бірінші кеме болды. Мұның тұрақты болуы шынымен маңызды» деді.

Малайзияның бас қаласы Куала Лумпурға барған Чавушоғлу Малайзия Сыртқы істер министрі Сейфеддин Абдулламен кездесуден кейін парламент ғимаратында ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатына қатысты.

Чавушоғлу Стамбулда қол қойылған «дәнді дақыл» дәлізі келісімінің егжей-тегжейлерін түсіндірді.

Стамбулда Бірлескен Үйлестіру Орталығының құрылуынан кейін бірінші кеменің Украинаның Одесса портынан шығып, Стамбул жағалауында бірлескен тексерулер жүргізілген соң Ливанға қарай бет алғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл бірінші кеме болды. Мұның тұрақты болуы өте маңызды. Бұл келісімнің мерзімі 4 айды құрайды. Сондықтан егер кез-келген наразылық болмаса, 3-4 айдан кейін автоматты түрде жүзеге асады. Оған қоса Ресей де өз дақыл өнімдері мен тыңайтқыштарын экспорттай алады. Бұл да келісімнің бір бөлігі ретінде жасалды» деді.

Чавушоғлу мұның да екі елдің саудасын жеңілдеткенін атап, Украинадағы соғыстың жалғасып жатқанын, сондықтан әркімнің жауапкершілікпен қозғалғанын, міндеттемелерін орындау керектігін баса айтты.

Түркияның Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері тұрақты атысты тоқтату үшін үлкен талпыныс жасағанын еске салған Чавушоғлу дәнді дақыл келісімінің ауқымды бір атысты тоқтату мен бейбітшілік жоспарының негізін құрайтынын атап көрсетті.

Чавушоғлу кейін Малайзия премьер-министрі Исмаил Сабри Якуппен бас қосты.

Министр Чавушоғлу әлеуметтік медиа аккаунтынан «Стратегиялық серіктесіміз Малайзия премьер-министрі Исмаил Сабри Якуппен бас қостық. Өткен ай елімізге жасаған сапары барысында қабылдаған шешімдерді қадағаладық» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Малайзияның жоғары лауазымды қорғаныс министрі Хишамуддин Хүсейнмен де кездесті.

Чавушоғлу әлеуметтік медиа аккаунтынан жариялаған хабарламасында «Малайзия Жоғарғы Қорғаныс министрімен кездестік. Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығымызды жақсарту мақсатты алдағы кезеңде басатын қадамдарды талқыладық» деді.



Ұқсас жаңалықтар