Бекир Боздағ Швеция мен Финляндияның Түркияға жауап қайтармағанын мәлімдеді

Боздағ: "Швеция мен Финляндия, Германия, Франция барлығы PKK мен ФЕТӨ-нің инкубаторлары"

1863521
Бекир Боздағ Швеция мен Финляндияның Түркияға жауап қайтармағанын мәлімдеді

Әділет министрі Бекир Боздағ Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне қабылдануы үшін Түркия ұстап беруді талап еткен террористтермен байланысты әлі жауап қайтармағанын айтты.

Күн тәртібіне қатысты бір газетке сұхбат берген Бекир Боздағ Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігінің қабылдануы үшін Түркияға берген уәделерін әлі орындамағанын, 33 террористті ұстап беру талабына ешбір жауап қайтарылмағанын атап көрсетті.

Бекир Боздағ «Түркия бұған дейін барлығы 33 террорист туралы ұстап беруді сұраған болатын. Бұл өтініштердің кейбіреулерін жаңартып, жаңасын жеткіздік, дегенмен әзірге ресми арнадан бізге жауап қайтарылған жоқ. Сондықтан біз бұл үдерісте Швеция мен Финляндия үкіметтерін қадағалайтын боламыз. Олар уәделерін орындаса жақсы болады. Швеция мен Финляндия, Германия, Франция барлығы PKK мен ФЕТӨ террор ұйымдарының инкубаторлары. Бір жағынан полицияның қолдауымен қауіпсіз түрде олардың барлық шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Екінші жағынан террорист тауып, оларды оқу-жаттығудан өткізуге рұқсат береді. Оларды көптеген қару-жарақпен де қамтамасыз етеді. НАТО-ға мүшелік үшін Швеция мен Финляндия үкіметтері берген уәделерін орындаса, Түркия процесті аяқтау үшін уәдесін орындап, қажетті қадамды басады. Ал орындамаса Түркия бұл тақырыпта уәдесінде тұрып, қажетті қадамды баспайтын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар