Чавушоғлу Камбоджада
Мевлүт Чавушоғлу ASEAN-Түркия салалық диалог серіктестігі үшжақты жиналысы үшін Камбоджаға барды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу төртінші ASEAN (Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы) -Түркия салалық диалог серіктестігі үшжақты кездесуіне қатысу үшін Камбоджаға барды.
Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан үшжақты сыртқы істер, сауда және қатынас министрлері жиналысына қатысқан Өзбекстаннан кейін төртінші ASEAN-Түркия салалық диалог серіктестігі үшжақты жиналысы үшін Камбоджаға барды.
Чавушоғлу мен ASEAN кезекті төрағасы Камбоджа Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және халықаралық ынтымақтастық министрі Прак Сокхонн мен ASEAN Бас хатшысы Лим Джок Хой арасындағы үш жақты кездесуде Түркия- ASEAN қарым-қатынастарының жағдайы бағаланып, нақты ынтымақтастық ұсыныстары талқыланады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған: “Түркия әрдайым Газаның жанында”
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ХАМАС пен Израиль арасында бітімге қол жеткізілуін құптады.
Түркия: "Бітім тұрақты болуы керек"
Түркия ХАМАС пен Израиль арасында жасалған бітімге қол жеткізілгенін жылы қабылдады.