Сииртте PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

«Ерен Аблука-27» операциясы аясында Сииртте 2 террорист залалсыздандырылды.

1862474
Сииртте PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Ерен Аблука-27» операциясы аясында Сиирттің Первари ауданының ауылдық аймағында сепаратистік ұйымның 2 мүшесінің қаруларымен залалсыздандырылғаны білдірілді.

Аймақта операциялардың жалғасып жатқаны атап көрсетілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған PKK/YPG-лік 5 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Министрлік мәлімдемесінде «Опасыз мақсаттарын жүзеге асырғысы келетін террористерді залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырамыз. «Евфрат қалқаны» аймағына шабуыл жасауға дайындалған PKK/YPG-лік 5 террорист батыр әскерлеріміз тарапынан залалсыздандырылды. Күресіміз жалғасуда, жалғаса береді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар