Украинаға "Байрактар ​​TB2" сыйға тартылды

Хатта: "Сіздің науқаныңыздың аясында біз украин халқын «Байрактар ​​ТБ2» ұшағымен қамтамасыз етеміз. Бұл олардың өз Отанын жақсырақ қорғауына көмектеседі" деп жазылды.

1860876
Украинаға "Байрактар ​​TB2" сыйға тартылды

Түрік Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері өндірісшісі "Байкар Технология"  Польшада Украина үшін "Байрактар ​​TB2"  сатып алу мақсатымен жиналған бағыштарды Украинадағы жәрдем ұйымдарына беруді сұрап, Украинаға "Байрактар ​​TB2" бағыштауға шешім қабылдады.

Байқардың Польшадағы көмек науқанын ұйымдастырушысы және журналист Славомир Сиераковскийге жолдаған хатында польшалықтар жинаған көмектің Украинадағы көмек ұйымдарына бағытталатыны, бұл елге тегін «Байрактар ​​ТБ2» ұшқышсыз әуе көлігі берілетіні білдірілді.

Хатта науқанды қолдаған Польша халқына алғыс білдіріліп, жүз мыңдаған азамат қатысқан жұмыстың әсерлі болғаны атап өтілді.

Хатта: "Сіздің науқаныңыздың аясында біз украин халқын «Байрактар ​​ТБ2» ұшағымен қамтамасыз етеміз. Бұл олардың өз Отанын жақсырақ қорғауына көмектеседі" деп жазылды.

"Байкар Технология" Украина мен Литвадағы науқандарға жауап ретінде барлығы 4 «Байрактар ​​ТБ2» ұшағын сыйға тартты және жиналған бағыштың Украина халқы үшін пайдаланылуын сұрады.

Дәл осындай мақсатпен Канадада басталған науқан жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар