Алтун «El Mundo» газетіне астық дәлізі келісімі жайлы мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун Стамбулда қол қойылған астық дәлізі келісімімен жаһандық дағдарыстың алдын алғанын мәлімдеді.

1861227
Алтун «El Mundo» газетіне астық дәлізі келісімі жайлы мәлімдеме жасады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Стамбулда қол қойылған астық дәлізі келісімімен жаһандық дағдарыстың алдын алғанын мәлімдеді.

Фахреттин Алтун Испанияда шығатын  «El Mundo» газетіне  Қаратеңізден қауіпсіз түрде азық-түлік тасымалдауын жүзеге асыруы үшін 22 шілдеде Стамбулдағы Долмабахче сарайындағы Президенттік офисінде  президент Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің қатысуымен Украина және Ресеймен бірге қол қойылған «Стамбул астық келісімі» және атысты доғару талпыныстары жайлы мәлімдеме жасады.

Алтун келісім арқылы жаһандық дағдарыстың алдын алғанын атап өтті.

Алтун «Құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен жеке байланыстарының нәтижесінде бидай бағасының айтарлықтай төмендеуіне әкелетін келісімге қол қойылды. Түркия осы таңға дейін жасағандай алдағы кезеңде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін аймақтағы ықпалын жұмылдырады» деген сөздер қолданды.

Астық дәлізі келісіміне қол қоюдың Украинадағы соғыс шарттарының жойылғанын білдірмейтініне назар аударған Алтун Түркияның тараптармен диалог талпыныстарының жалғасатынын білдірді.

Түркияның Ресеймен де, Украинамен де сөйлесе алатын ел екенін, соғыс кезінде украиндар да, орыстар да сенім артқанын атап көрсеткен Алтун «Президентіміздің басшылығымен Түркия халықаралық аренадағы оқиғаларды шеттен қадағалайтын немесе өзіне жүктелген рөлді атқаратын ел емес. Сондықтан біз барлық мемлекеттердің, әсіресе НАТО-дағы одақтастарымыздың дипломатиялық күш-жігерімізді қолдауын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар