"Үшінші елдер де қолдау көрсетуі керек"

Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилимен кездескеннен кейін министр ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

1860834
"Үшінші елдер де қолдау көрсетуі керек"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинада атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін үшінші елдердің де қолдау көрсетуі керектігін айтты.

«Ақырында бұл соғыс дипломатиялық үстелде аяқталады» деді ол.

Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилимен кездескеннен кейін министр министрліктің Стамбулдағы кеңсесінде ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Грузияда айтарлықтай көлемді түрік инвестициясы бар екенін және Дарчиашвилимен кездесуінде түрік фирмаларының жағдайын да талқылағандарын атап көрсеткен Чавушоғлу Украинадағы соғыс салдарынан Ресей мен басқа елдерге түрік өнімдерін тасымалдайтын жүк көліктерінің Грузияның жерлерін көбірек пайдалана бастағанын айтты.

Жүк көліктерінің Грузияда біраз кідірістермен бетпе-бет келгенін, бірақ Тбилиси әкімшілігінің мәселені шешу үшін барынша қолдау көрсеткенін айтқан Чавушоғлу бұл кешігудің қалай шешілетінін әріптесімен талқылағандарын білдірді.

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталған Чавушоғлу Түркия, Ресей, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) арасында 22 шілдеде қол қойылған «Украина порттарынан астық пен азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау бастамасы құжатының» азық-түлік экспортындағы кедергіні жою үшін жасалған қадам ғана емес екенін атап өтіп, «Егер сәтті жүзеге асырылса, бұл екі тарап үшін де сенімді нығайту шарасы болар еді» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Украина мен Ресей арасында көшбасшылар деңгейінде атысты тоқтату үшін байланысының үзіліссіз жалғасып жатқанын атап көрсеткен Сыртқы істер министрі "Үшінші елдер де қолдау көрсетуі керек. Соғыста жеңілген де, жеңген де болмайды. Барлығы жеңіледі. Бейбітшілікте де жеңілген тарап болмайды. Түптеп келгенде, бұл соғыс дипломатия үстелінде аяқталады. Түркия ретінде біз тараптарды дипломатиялық үстелге мүмкіндігінше тезірек отырғызу үшін бар күшімізді саламыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар