Сирияда 4 террорист залалсыздандырылды

Террормен күрес табандылықпен жалғасуда.

1860435
Сирияда 4 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 4 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде ««Бейбітшілік бұлағы» және «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған 4 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылды. Террормен күрес табандылықпен жалғасуда» делінді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде террор ұйымы PKK/KCK-ның әрекеттерін бақылау және алдын алу үшін қауіпсіздік күштері тарапынан жүргізген жұмыс аясында кеше Нусайбин ауылдық аймағында қарулы ұшқышсыз әуе аппараты арқылы 3 ұйым мүшесінің көріністерінің түсірілгені атап өтілді.

Террор ұйымы мүшелерінің ұшқышсыз әуе аппараттары арқылы анықталғаны айтылған мәлімдемеде F-16 соғыс ұшақтары мен ұшқышсыз әуе аппараттарының  атқылауымен 3 террористтің залалсыздандырылғаны, сонымен қатар ұйымның басқа мүшелерін де залалсыздандыру үшін ауқымды операциялардың басталғаны хабарланды.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу да әлеуметтік желідегі парақшасында «Біз өз жерімізде террористердің болғанын қаламаймыз. Олар бағынып берілсін» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар