“Астық мәселесі шешілсе, бітімге жол ашылады”

Министр Түркияның араағайындық тақырыбында бренд ел екенін атап көрсетті.

1860233
“Астық мәселесі шешілсе, бітімге жол ашылады”

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина астығын жөнелту туралы келісімге байланысты “Астық мәселесі шешілсе, бітімге жол ашылады” деді.

Министр Чавушоғлу жеке телеарнаның тікелей эфирінде күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.

Түркияның араағайындық тақырыбында бренд ел екенін атап көрсеткен Чавушоғлу Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Түркия, Ресей, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) арасында 22 шілдеде Стамбулда «Украина порттарынан астық пен азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау бастамасы құжатына» қол қойылуының Ресейдің де, Украинаның да пайдасына екенін білдірді. Ол «Біз осы белсенді рөлді жалғастырамыз. Сайып келгенде, бұл соғыс (Ресей мен Украина арасындағы) дипломатиялық үстелде аяқталады" деді.

Мевлүт Чавушоғлу Түркияның тараптарды үстелге қайта отырғызу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын тағы бір рет атап көрсетті.

"Соғыстың созылуын қалайтын елдер бар. Тіпті бұл астық келісіміне кедергі жасағысы келетін елдер де бар. Бұл соғысты созу барлығына зиян келтіреді" деді ол.

Түркияның Мосулдағы бас консулдығына жасалған шабуылға қатысты сұраққа жауап берген Чавушоғлу «Өкінішке орай Ирактағы лаңкестік ұйымдар өте қауіпті және Ирак әкімшілігі бұл лаңкестік ұйымдармен тиімді күресе алмайды, бізге қарсы арандатушылықтардың себебі де осы» деді.

Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің Түркияның Сириядағы ықтимал шекаралық операциясына қатысты көзқарасы туралы сұраққа екі елдің аймақтан террористтерді тазарту уәделерін орындамағанына назар аударып, аталған елдердің лаңкестікпен күресінің шынайы еместігін айтып жауап берді.  



Ұқсас жаңалықтар