Түркия бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдарға қарсы

Түркия бейбіт тұрғындарды нысанаға алған барлық шабуылдарға қарсы екенін мәлімдеді.

1857651
Түркия бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдарға қарсы

Сыртқы істер министрлігі Ирактың Дохук облысының Захо ауданында бір жылғаның  жағасында шабуыл жасалғанына және алғашқы белгілеу бойынша 8 адамның қаза тауып, 23 адамның жараланғанына байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде былай делінген: «Осы қайғылы оқиғада қаза тапқандарға Алланың рақымын тілей отырып, дос және бауырлас Ирак халқы мен үкіметіне, әсіресе олардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.Түркия бейбіт тұрғындарға бағытталған барлық шабуылдарға қарсы. Түркия лаңкестікпен күресін халықаралық құқыққа сай бейбіт тұрғындарды, азаматтық инфрақұрылымды, тарихи-мәдени құндылықтарды және табиғатты қорғауға барынша сезімталдықпен жүргізеді. Террор ұйымдары тарапынан жасалғаны анықталған және жазықсыз адамдарды нысанаға алған мұндай шабуылдар еліміздің терроризммен күрестегі табандыдығын арттыды. Түркия шындықты паш ету түйінінде  әрқандай қадам басуға  дайын» ​.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да  «(Дохуктағы шабуыл) Түрік Қарулы Күштерінен алған ақпаратқа сәйкес, біз бейбіт тұрғындарға қарсы ешқандай шабуыл жасаған жоқпыз» деп көрсетті.

Чавушоғлу «TRT Haber» арнасына берген сұхбатында Түркияның бейбіт тұрғындарға қарсы ешқашан шабуыл жасамағанын айтты.

Министр Чавушоғлу «Біз халықаралық құқыққа сәйкес лаңкестікпен күресті жалғастырамыз. Түрік Қарулы Күштерінен алған мәлімет бойынша біз бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған жоқпыз. Біздің нысанамыз Сириядағы лаңкестік ұйымдар болды. Иракта да осы таңға дейін әрқашан лаңкестік ұйымдарға қарсы операция жасадық» деп көрсетті.

«Біз террор ұйымдарының жасаған әрбір опасыз шабуылдары барысында Ирак билігімен ынтымақтаса алатынымызды жария еттік» деген  Чавушоғлу «Біз бұл жерде тағы бір рет атап өткіміз келеді. Біз Түркияға жапқан жалаларға қарсымыз. Оны қабылдамаймыз» деген сөздер қолданды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Мұстафа Шентоп «Бұл Түркияның аймақтағы лаңкестерге қарсы халықаралық құқық аясында жүргізіп жатқан әрекеттеріне көлеңке түсіру мақсатында террор ұйымдарының және террористтердің жасаған әрекеті сияқты» деді.

Шентоп Стамбулдада жасаған мәлімдемесінде Түркияның ұзақ уақыт бойы адам құқығы және халықаралық құқық негізінде терроризммен күресін жалғастырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар