Ердоған Аятолла Әли Хаменеимен кездесті
Ердоған мен әріптесі Реисидің төрағалығында Түркия мен Иран Жоғары деңгейлі Ынтымақтастық кеңесінің 7-ші жиналысы өткізілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Иранға барды.
Кеше кешкі уақытта "ТУР" атты жеке ұшақпен астана Анкарадағы Есенбоға әуежайынан Иранның астанасы Тегеранға барған президент Режеп Тайып Ердоған үшін азанда қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.
Артынан президент Режеп Тайып Ердоған мен Иран президенті Ибрахим Реиси бас қосты.
Садабад сарайында баспасөзге жабық өткен кездесуге екі елдің делегациялары да қатысты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Иранның діни көсемі Аятолла Әли Хаменеимен баспасөзге жабық кездесу өткізді.
Ердоған мен әріптесі Реисидің төрағалығында Түркия мен Иран Жоғары деңгейлі Ынтымақтастық кеңесінің 7-ші жиналысы өткізілді.
Жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған президент Ердоған: «Террористік ұйымдар PJAK, PKK, PYD, YPG, FETO Түркия мен Иранның басындағы үлкен бәле. Олармен ұйымшылдық ішінде күрес жүргізуіміз керек" деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Иран-Ресей үштік саммиті жайлы: «Сирия Астана процесін қайта бағалау Астана процесін қайта жандандыратын жағдай жаратады» деп көрсетті.
Иран президенті Ибрахим Реиси ортақ баспасөз жиналысында: "Түркия мен Иран елдері арасында 30 миллиард долларлық сауда көлемін белгіледік. Бұл қазіргі бірлескен сауда көлемін үш есеге арттыру мағынасына келеді" деді.
Ибрахим Реиси «Екі елдің бірлескен өнеркәсіптік компанияларын құру – бүгінгі келіскен мәселелердің бірі» екенін айтты.
Иран президенті Ибрахим Реиси: «Түркия президенті Ердоғанның елімізге сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастағы маңызды бетбұрыс кезеңі болып табылады» деп көрсетті.
Президент Режеп Тайып Ердоған сол күні Иран президентінің үй иесі болуымен Ресей президенті Владимир Путиннің де қатысуымен Тегеранда ұйымдастырылатын Астана форматындағы 7-ші Үштік саммитте болады.
Саммитте Сириядағы қазіргі жағдайлар, PKK/YPG мен ДАИШ террор ұйымдарын қамтыған аймақ қауіпсіздігіне қатер төндірген террорлық лаңкестікпен күрес, саяси шешім талпыныстары, гуманитарлық жағдай және сириялықтардың еліне ерікті түрде қайтулары тақырыптары қолға алынады.
Президент Ердоған саммит аясында Ресей лидерімен екі жақтылы кездесу де өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
«Біз әрқашан палестиналық бауырларымыздың жанындамыз»
Түркия Әділет министрі Йылмаз Тунч әлеуметтік желісінде жазба бөлісті.