Стамбулда төрттік азық-түлік кездесуі өтті

Төрттік кездесу Ердоғанның Ресей және Украина лидерлеріне телефон арқылы жасаған шақыруынан кейін өткізілді.

1855026
Стамбулда төрттік азық-түлік кездесуі өтті

Украина кемежайларында күтіп тұрған астық пен азық-түлікті теңіз арқылы жөнелтуге қатысты Түркия, Ресей, Украина Қорғаныс министрліктерінің әскери делегациялары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясы арасында  Стамбулда  кездесу өткізілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Календер сарайындағы төрттік кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Мәлімдемеде:

"Украина кемежайларында күтіп тұрған астық пен азық-түлікті теңіз арқылы жөнелтуге қатысты Түркия, Ресей, Украина Қорғаныс министрліктерінің әскери делегациялары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясы арасында Стамбулдағы  Календер сарайында өткен төрттік кездесу аяқталды" деп көрсетілді.

Төрт жақты кездесу президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей және Украина лидерлері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге телефон арқылы жасаған шақыруынан кейін өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар