Ердоғанның Құрбан айттағы телефон дипломатиясы

Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтта телефон дипломатиясын жалғастырды.

1855005
Ердоғанның Құрбан айттағы телефон дипломатиясы

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтта Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар, Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас, Израиль президенті Ицхак Герцог пен премьер-министрі Яир Лапид, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл-Сауд, Гвинея-Бисау президенті Умаро Сиссоко Эмбало, Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Цисекеди, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Қырғызстан президенті Садир Жапаров, Танзания президенті Самия Сулуху Хасан, Ливан премьер-министрі Неджип Микати, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян және Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамед Әл-Танимен телефон арқылы сөйлесті.

Өзара мерекелік құттықтаулар жеткізілген кездесулерде екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ «Қаратеңізде астық дәлізін құру» және «Украина мен Ресей арасындағы соғыстың түбегейлі және әділетті бейбітшілік келіссөздер арқылы шешілуі сынды мәселелер де күн тәртіпте орын алды.



Ұқсас жаңалықтар