Яир Лапид Ердоғанға телефон шалды

Израиль премьер-министрі Лапид президент Ердоғанға телефон шалып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

1854278
Яир Лапид Ердоғанға телефон шалды

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Израиль премьер-министрі Яир Лапид телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Израиль премьер-министрі Лапид президент Ердоғанға телефон шалып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Әңгіме барысында Түркия-Израиль қарым-қатынастары және аймақтық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар президент Ердоған Лапидті премьер-министр болып тағайындалуымен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар