Алтун  Сребреница қырғыны жайлы мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун  Сребреница қырғынының 27 жылдығында қайтыс болғандарды  еске алды.

1854433
Алтун  Сребреница қырғыны жайлы мәлімдеме жасады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Сребреница қырғынының 27 жылдығында қайтыс болғандарды  еске алды.

Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында «Заманауи әлемнің өте аянышты оқиғасының бірі Сребреница қырғынының қайғылары әлі естен кеткен жоқ. Түркия ретінде біз Босния халқының жанында болып, Балқан географиясының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әртүрлі қадамды басуды жалғастырамыз. Сребреница қырғынында шейіт болғандардың жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын» деп көрсетті.

Фахреттин Алтун Сребреница қырғынына байланысты видеосын да бөлісті.

Югославиялық Азамат соғысы кезінде, 1995 жылы 13-18 шілде аралығында Босния және Герцеговинаның Сребреница қаласында серб әскерлері 8 мың жас және кәмелетке толған мұсылман ер адамды қырып салған еді.



Ұқсас жаңалықтар