Министр Чавушоғлу украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Әңгіме барысында Украина порттарынан дәнді дақыл тиелген кемелердің эвакуациялануы мәселесі талқыланды.

1853209
Министр Чавушоғлу украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті.

Украина порттарынан дәнді дақыл тиелген кемелерді эвакуациялау үшін құрылуы жоспарланған «дәнді дақыл дәлізіне» қатысты Түркия бастаған дипломатиялық кезең қарқынды түрде жалғасуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сыртқы істер министрі Чавушоғлу дәнді дақыл дәлізі туралы келіссөздерін жалғастыруда.

Соңғы рет Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның украиналық әріптесі Кулебамен телефон арқылы сөйлескені білдірілді.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Украинадағы соңғы жағдай, дәнді дақыл экспорты және «Жібек жолы» кемесіне қатысты жаңалықтардың талқыланғаны атап көрсетілді.

Чавушоғлу мен Кулеба 30 маусым күні телефон арқылы сөйлескен болатын.

Ресей армиясы Украинаға 24 ақпан күні бастаған шабуылдарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар