Алтун Швеция газетінің сұрақтарына жауап берді

Фахреттин Алтун Түркияның Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігін емес, мүшелікке шақыруын мақұлдағанын айтты.

1853417
Алтун Швеция газетінің сұрақтарына жауап берді

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияның Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігін емес, мүшелікке шақыруын мақұлдағанын айтты.

Фахреттин Алтун Испанияның астанасы Мадридте өткен НАТО саммитінде Түркия, Швеция және Финляндия арасында қол қойылған меморандумға байланысты швециялық «Expressen» газетінің сұрақтарына жауап берді.

Меморандумды НАТО мүшелігі ретінде қарастырмау керектігін айтқан Алтун мұнда шақыру барын және Түркияның бұл шақыруды мақұлдағанын айтты.

Швеция үкіметінің терроризммен күресте қажетті қадамдарды жасау үшін жазбаша міндеттеме алғанына назар аударған Алтун "Үдерістің басынан бастап Швецияның мүшелігін өзіміз ьалқылайтынымызды мәлімдеген болатынбыз. Швеция егеменді мемлекет ретінде біраз міндеттемелер алды. Түркия да егемен мемлекет ретінде бір қадам басты. Басқаша айтқанда, Швеция Түркияның талаптарын орындауға уәде берді» деді.

Алтун аты-жөні білдірілген кісілердің меморандумда Швеция тарапынан террорлық ұйым ретінде қабылданған PKK, YPG немесе FETÖ-мен байланысы бар екенін, бұлардың Түркияға зияны болғаны секілді Швеция халқы мен мүддесіне де қауіпті екенін атап көрсетті. Алтун осында маңызды нәрсенің екі жақты және халықаралық келісімдерге сай осы тұлғалардың қайтарылып қайтарылмау екенін білдірді.

 Фахреттин Алтун Швецияның НАТО-ға мүшелігінің жазбаша уәделерді орындап орындамауына байланысты екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар