Түркиядан Өзбекстанға шақыру

"Сабыр және бейбіт жолмен шешілетініне сеніміміз мол" деп айтылды.

1851909
Түркиядан Өзбекстанға шақыру

 

ТР Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның Қарақалпақстан Автономды Республикасында болған оқиғаларға байланысты «Өзбекстан әкімшілігі мен халқының оқиғаларды сабырлықпен және бейбіт жолмен шешетініне сеніміміз мол» деп мәлімдеді.

Хабарламада Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасында болған оқиғаларды жақыннан бақылап отырғандары айтылды, «Ортақ мәдениет, өркениет және тарихи байланыстарымыз бар, стратегиялық серік, дос және бауырлас Өзбекстанның тұрақтылығы өте маңызды» деген сөздерге орын берілді.

Түркия сонымен бірге оқиғада қаза тапқандар үшін рақым тіледі,  жаралы азаматтар үшін де жедел шипа тілектерін жеткізді. «Өзбекстан әкімшілігі мен халқының оқиғаларды сабырлықпен және бейбіт жолмен шешетініне сеніміміз мол» деп мәлімдеді.

Өзбекстан Атазаңында Қарақалпақстан Автономды Республикасының мәртебесіне байланысты баптардың өзгертілуіне орай кейбір ұсыныстардың күн тәртібіне келуі 1 шілде күні наразылықтардың басталуына себеп болған еді. Осыған орай Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нөкіс қаласына барып, азаматтармен бас қосты. Ол Қарақалпақстанның мәртебесінің өзгермейтінін айтты.

Артынан наразылық шерулері жалғасқандықтан Мирзиеев жарлыққа қол қойып, Қарақалпақстанда 2 тамыз күніне дейін төтенше жағдай жариялады.

Өзбекстан Республикасы Бас Прокуратурасы оқиғаларда 18 адамның қаза тапқанын, 243 адамның жарақат алғанын хабарлады. 516 адам қамауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар