Италия премьер-министрі ертең Түркияға келеді

Италия премьер-министрі Марио Драги ертең ресми сапармен Түркияға келеді.

1851739
Италия премьер-министрі ертең Түркияға келеді

Италия премьер-министрі Марио Драги президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен ертең ресми сапармен Түркияға келеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия сапары аясында президент Ердоғанмен бірге Түркия-Италия Үшінші үкіметаралық саммитіне төрағалық етеді.

Тиісті министрлердің қатысуымен өтетін саммитте Түркия-Италия қарым-қатынастары барлық қырларымен қарастырылып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және дамыту үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланады.

Драги кездесулерінде стратегиялық серіктестік, НАТО одақтастағы, Италиямен екіжақты қарым-қатынастар, Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер жөнінде пікір алмасады.



Ұқсас жаңалықтар