Калын мен Грэм Стамбулда бас қосты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Стамбулда АҚШ сенаторы Линдси Грэммен бас қосты.

1851129
Калын мен Грэм Стамбулда бас қосты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Стамбулда АҚШ сенаторы Линдси Грэммен бас қосты. 

Президенттік аппараттан жасалған мәлімдемеге қарағанда Мабейн резиденциясында жүзеге асқан өзара кездесуде саяси және экономикалық қарым-қатынастар, террормен күрес, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық, Украина-Ресей соғысы, Қаратеңіз дәнді дақылын тасымалдау, Сирия, Эгей-Жерорта теңізі және т.б. аймақтық мәселелер талқыланды. 

Кездесудің басында Испанияның бас қаласы Мадридте өткен НАТО саммиті мен қабылданған «Жаңа стратегиялық тұжырымдамаға» баға берілді. Саммит аясында екі ел басшысының оң атмосферада өткен кездесуіне ризашылық білдірілді. 

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының өзара құрмет пен түсіністік ортада ортақ және стратегиялық мүдделер негізінде ілгерілеу керектігі айтылды. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық пен F-16 бойынша ілгерілеудің екі елдің мүддесіне қызмет ететіні атап көрсетілді. 

Түркияның Қаратеңіз арқылы дәнді дақыл тасымалы үшін қауіпсіз дәліз құрудағы күш-жігерінің жоғары бағаланғаны білдірілген кездесуде бұл жеткізілімнің сәтті жүзеге асуының жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан стратегиялық маңызы бар екені баса айтылды. 

Халықаралық қауымдастықтың Эгей және Жерорта теңізі тақырыптарында Түркияның заңды құқығын құрметтеу керектігі атап көрсетіліп, Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне, Сирияның аумақтық тұтастығына және саяси бірлігіне қауіп төндірген PKK/YPG және ДАИШ сияқты террористік ұйымдардың барлығына қарсы табандылықпен күресу керектігі атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар