F-16 ұшақтарының Түркияға сатылуы күн тәртіпте

АҚШ-та Республикашыл сенатор Линдси Грэм Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуын қолдайтынын мәлімдеді.

1849980
F-16 ұшақтарының Түркияға сатылуы күн тәртіпте

Америка Құрама Штаттарында  Республикашыл сенатор Линдси Грэм Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуын қолдайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Линдси Грэм Twitter-дегі парақшасында «Мен (Президент Джо) Байден әкімшілігінің НАТО бойынша маңызды одақтасымыз Түркияға F-16 ұшағын сатуды қолдау шешіміне оң көзқараспен қараймын» деп көрсетті.

Грэм көзқарас айырмашылықтарына қарамастан Түркияның маңызды НАТО одақтасы екеніне назар аударды.

Линдси Грэм «Бұл жағдай Түркияның ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қызмет етеді» деген сөздер қолданды.

Грэм мәлімдемесінде «Түркияның авиациялық мүмкіндіктерін жаңарту Түркия, АҚШ, НАТО және аймақтық қауіпсіздікке пайда әкеледі» деді.

АҚШ Қорғаныс министрінің халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары Селесте Уолландер Түркияның жаңа F-16 ұшақтарын сатып алу және қолданыстағы F-16 ұшақтарын модернизациялау талабын бағалап «Америка Құрама Штаттары Түркияның F-16 флотын модернизациялау жоспарларын толығымен қолдайды» деп көрсеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар