Өмер Челик Түркияның үлкен табыстарға қол жеткізгенін айтты

Өмер Челик Twitter-дегі парақшасында «Түркия қалағанына қол жеткізді» деген сөздер қолданды.

1849645
Өмер Челик Түркияның үлкен табыстарға қол жеткізгенін айтты

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик «Түркия, НАТО, Швеция және және Финляндия саммиттерінің нәтижесінде террор ұйымдарының әрекетіне рұқсат берген елдердің бұл бағытта нақты қадамдар басуы маңызды жетістік» деп көрсетті.

Өмер Челик Испанияның астанасы Мадридтегі НАТО саммиті жайлы Twitter-дегі парақшасында «Түркия қалағанына қол жеткізді» деген сөздер қолданды.

Өмер Челик былай деді: «Түркия НАТО-ның кеңеюіне мән беруде. Алайда бұның принциптік ұстаным және ынтымақтастық мағынасында екеніне сенуде. Кейбір НАТО елдері болса, әртүрлі лаңкестік ұйымдарға қолдау беруде. Бұл әрекет НАТО-ның принциптеріне қайшы келеді. Түркия, НАТО, Швеция және Финляндия саммиттерінің нәтижесінде террор ұйымдарының әрекетіне рұқсат берген елдердің бұл бағытта нақты қадамдар басуы маңызды жетістік» деді.

Түркияның террормен күрестегі табандылығын түсіндірген Челик «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған ұстанған ұстанымымен Түркияның тезистері негізінде үлкен табысқа қол жеткізілді. Бұл жетістік терроризмге қарсы күресте принципті ұстанымды ұстанатын әрбір мемлекет пен әрбір адам үшін де өте маңызды. Түркия жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылық жолында терроризммен күресу қағидасын ұстанып, қабылданған шешімдердің нақты іске қосылуын қадағалап, терроризммен күресудегі табандылығын жалғастырады» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар