Нафтали Беннет Ердоғанға ерекше алғыс айтты

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет операциялардың израильдіктердің өмірін құтқаруда табысты болғанын түсіндірді.

1849521
Нафтали Беннет Ердоғанға ерекше алғыс айтты

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет Түркия және Израиль қауіпсіздік күштерінің табысты операцияларының арқасында Түркияда өмір сүрген израильдіктердің зардап шегуінің алдын алғанын айтты.

Израиль премьер-министрінің Twitter-дегі аккаунтында жарияланған бейне мәлімдемедесінде «Өткен айларда және әсіресе соңғы апталарда Стамбулда және Түркияның басқа аймақтарындағы Израиль азаматтарын нысанаға алу әрекеттерін алдын алу үшін операциялар жүргізген біздің қауіпсіздік ұйымымызға және Түркия қауіпсіздік ұйымына алғыс айтқым келеді» деген сөздер қолданды.

Операциялардың израильдіктердің өмірін құтқаруда табысты болғанын түсіндірген Беннет азаматтарын қырағы болуға шақырды.

Беннет «Президент Режеп Тайып Ердоған мен оның орынбасарларына Түркиядағы израильдіктердің нысанаға алынуының алдын алудағы ынтымақтастығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді» деді.

Премьер-министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қауіпсіздік қызметтері жүргізген Израиль-Түркия бірлескен әрекеті аясында Стамбулда Израиль азаматтарын нысанаға алған көптеген ирандық ұяшықтарға тосқауыл қойылған» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде түрік қауіпсіздік қызметінің Иран төңкеріс қорғаушыларының бұйрығымен жұмыс істейтіні айтылған бірнеше ирандық ұяшықтарды анықтағаны және Израиль азаматтарының Түркиядағы қауіп-қатер деңгейінің төмендегені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар