Иран Сыртқы істер министрі ресми сапармен Анкараға келді

Абдуллахиян: "Түркияның қауіпсіздігі Иранның да қауіпсіздігі деген сөз".

1848998
Иран Сыртқы істер министрі ресми сапармен Анкараға келді

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян Сирияда Түркияның қауіпсіздік уайымдарының тез арада және тұрақты түрде шешілу керектігін атап көрсетті.

Абдуллахиян кеше бас қала Анкарада ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосуының артынан бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Түркияның Сирия тақырыбында тілге тиек еткен қауіпсіздік мәселелеріне тоқталған Абдуллахиян «Түркияның бұл мәселедегі қауіпсіздік уайымдарын өте жақсы түсінеміз. Сондай-ақ арнайы операцияны күн тәртібіне әкелуін де түсінеміз. Осы тақырыпта құрметті әріптесім Чавушоғлумен егжей-тегжейлі талқылап, әңгімелестік. Түрік тарапының, түрік достарымыздың қауіпсіздік уайымдарының тез арада және тұрақты түрде шешілу керектігін қолдаймыз» деді.

Түркияның Иерусалим және Палестина мәселесіне қатысты көзқарасын әрқашан білетіндерін және сенімді екенін білдірген Абдуллахиян «Түркия Иерусалим мен Палестина мәселесінен ешқашан бас тартқан емес, оларды жалғыз қалдырмайды. Алайда сионисттер қайда барса, әрқашан сенімсіздік орнатып, қақтығыс әкелді» деді.

Абдуллахиян Иранның көршілерімен қарым-қатынасын тереңдетіп, нығайтуға деген ұмтылысына сілтеме жасап «Иран Ислам Республикасы үшін Түркияның қауіпсіздігі, Иранның да қауіпсіздігі деген сөз. Аймаққа дос, бауырлас елге (Түркия) тек тыныштық пен бақыт тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар