Алтун НАТО-ның террормен күрес тақырыбына тоқталды

Алтун Түркияның одаққа қосқан үлестерімен НАТО-ның ажырамас бөлігі болғанына назар аударды.

1849358
Алтун НАТО-ның террормен күрес тақырыбына тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун НАТО саммиті қарсаңында Мадридте Коммуникация басқармасы тарапынан ұйымдастырылған «Fймақтықтан жаһанға НАТО: диалог, кеңейту және бірлік панелге» видео конференциясы әдісімен қатасты.

Алтун Түркияның соңғы 70 жылда одақтастарына берген күшті қолдауы және одаққа қосқан үлестерімен НАТО-ның ажырамас бөлігі болғанына назар аударды.

Алтун НАТО-да ең көп лаңкестік шабуылға ұшыраған Түркияның  террормен күрес түйінінде әрі одақтастардың қажетті сезімталдықты көрсетуін күтетінін білдірді.

Фахреттин Алтун «Осы аяда PKK террор ұйымының үгіт-насихат, қаржыландыру және жасақтау әрекеттерімен шындап айналысу қажет.Бұл күрес оның барлық өрістерін, әсіресе ұйымның Сириядағы бөлімшесі YPG-ді қамтуы керек. Сондай-ақ, 2016 жылы 15 шілде күні кешке еліміздің мекемелеріне сіңіп, ақыры 251 жазықсыз адамның өмірін қиған және билікті басып алуға әрекеттенген ФЕТО-мен күресте қанағаттанарлық қадамдар жасау да одақтасымыздың талабы ретінде қарастыратын мәселе деген сөздер қолданды.

Түркияның лаңкестікпен күресудегі сезімталдығын испан достарының жақсы түсінетінін айтқан Алтун Испанияның кейбір мемлекеттерден айырмашылығы террордың азабын бастан кешіргенін және Түркия сияқты террористтердің сұсты жүзін көретінін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар