Президент Ердоған НАТО Көшбасшылар саммиті үшін Мадридке барады

Ибрахим Калын Мадридте Түркия, НАТО, Швеция және Финляндия арасында төрттік саммит өтетінін мәлімдеді.

1848568
Президент Ердоған НАТО Көшбасшылар саммиті үшін Мадридке барады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Испанияның бас қаласы Мадридте президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Түркия, НАТО, Швеция және Финляндия саммитінің өтетінін білдірді.

Ибрахим Калын жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

Калын «Сейсенбі күні НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің өтініші бойынша Президентіміздің қатысуымен Түркия, НАТО, Швеция және Финляндия саммиті өтеді. НАТО Көшбасшылар саммиті алдында сейсенбі күні бұл саммит өтпек. Осы саммитке қатысу біз өз ұстанымымыздан шегінеміз дегенді білдірмейді. Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Оның көптеген кезеңдері бар. Мен финдік және шведтік әріптестеріме «Сіз 200 жылдық бейтараптық саясатынан бас тартып, негізгі парадигманы өзгертіп, әскери одаққа қосылуға шешім қабылдайсыз. Бұл үйлесімділікке қол жеткізу үшін сіздің әрі Швеция, әрі Финляндияда елеулі өзгерістер жасауыңыз керек. Заңнамаларға, заңға және Конституцияға түзетулер енгізуді талап етеді. PKK мен оған бағынатын PYG, PYD және ұқсас құрылымдарға қарсы да осындай өзгерісті көрсетуіңізді қалаймыз» деп жеткіздік.

Бұл кез-келген басқа негізгі парадигма өзгерісінен қиын емес. Олар кейбір қадамдар басатынын уәде берді. Біз олардың міндеттемелерін тіркеп алдық. Міндеттеме қабылдау мен нақты қадам басу арасында айырмашылық бар. Біз мұның барлығын ескеруді талап етеміз. Келісе алмаған бірнеше тақырып бар, дегенмен басылатын қадамдардың көпшілігінде ортақ түйінге келдік. Ертең бұл мәселеде келісетін болсақ, Мадридке солай барамыз. Швеция мен Финляндиядан PKK, PYD және YPG сияқты құрылымдарға қарсы тікелей анық және нақты ұстаным қабылдауды талап етеміз. Бұл талабымыз Сириядағы PYD және YPG-мен қарым-қатынастарды қамтиды» деді.

Мадридте ертең және сәрсенбі күні НАТО көшбасшыларының саммиті өтеді.



Ұқсас жаңалықтар