ТҰҰМ төрағасы Шентоп "ТүрікПа-ның" 11-ші Бас ассамблеясында үн қатты

Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПа) 11-ші Бас ассамблеясы Қырғызстанда жалғасуда.

1847971
ТҰҰМ төрағасы Шентоп "ТүрікПа-ның" 11-ші Бас ассамблеясында үн қатты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп әлемнің түрік мемлекеттерінің дауысын естуге мұқтаж екенін атап көрсетті.

Қырғызстан Парламентінің спикері Талант Мамитов басшылық жасаған және Шолпан-Атада өткен Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПа) 11-ші Бас ассамблея жиналысында үн қатты.

Шентоп әлемнің соғыс, ішкі күйзеліс, көші-қон қозғалысы, терроризм, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы, қоршаған ортаның ластануы сияқты күрделі мәселелермен бетпе-бет келгеніне назар аударды.

Жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде полифонияның маңыздылығына тоқталған Шентоп халықаралық жүйенің тығырықтан шығу үшін Түрік мемлекеттерінің дауысына мұқтаж екенін білдірді.

Бірлік болып, бірге қозғалуды қамтамасыз ететін моральдық және материалдық күштерін білетіндерін атап көрсеткен Шентоп "ТүрікПа-ға" мүше елдер арасындағы қатынас желілерін нығайтудың ерекше маңызды екеніне сенетінін айтты.

Шентоп «Халықаралық Шығыс-батыс орталық дәлізі және Каспий өткелімен Әзербайжан-Нахичыван байланысы сияқты қадамдар арқылы бір-бірімізбен тығыз байланыста болуымыз керек. Бұл елдеріміздің сауда, қатынас және өндіріс орталықтары ретінде өсудің жолын ашып, елдерімізді бір-біріне одан да жақындастырады» деді.

Шентоп келесі жылдың әрі ТүрікПа, әрі Түркия үшін маңызды мерейтойларға сәйкес келетінін еске сала отырып «ТүрікПа-ның 15 жылдығы мен Түрік Республикасының 100 жылдығын тойлаймыз. Осы бетбұрыс кезеңде ТүрікПа-ның Бас Ассамблеясына Түркияның қонақжайлық жасайтынына қуаныштымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар