Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Чавушоғлу ұлттың қауіпсіздігі тілге тиек болғанда жеңілдіктердің жасауға болмайтынын айтты.

1847897
Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ұлттың қауіпсіздігі тілге тиек болғанда жеңілдіктердің жасауға болмайтынын айтты.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Малатияда ұйымдастырылған бір жиналыста сөз сөйледі. Чавушоғлу баяндамасында Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне байлаынсты Түркияның талаптарының орындалуы керектігін атап өтті.

Чавушоғлу былай дед:«Ұлтымыздың қауіпсіздігі тілге тиек болғанда жеңілдік жасауымыз мүмкін емес. Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігінде де тұғырымыз айқын. Біздің талаптарымыз қиын бір нәрсе емес. Террорға қолдау бермеңіздер.  Терористтерге қақпаларыңызды ашып, олардың әртүрлі әрекет жасауларына мүмкіндік берудесіңдер. Сол жерден Кандилге немесе қазір болған аймақтарға балалардың алып қашуына дәнекер болудасыңдар. Оларға қаржылай жердем беріп жатырсыңдар. Олардың әрекет етулеріне орай берудесіңдер, оларға кедергі жамасайсыңдар. Екіншісі, одақтас болғың келсе, онда Түркияны дұшпан ел ретінде қарай алмайсың. Террормен күреске байланысты санкция жасай алмайсың. «Бұларды атқармаймыз» дейтін болсаңдар НАТО-ға мүше бола алмайсыңдар».

Чавушоғлу PKK мен YPG-нің бірдей террор ұйымы екенін түсіндірді.

Ресей-Украина соғысынан туындаған дәнді дақыл дағдарысына да тоқталған Сыртқы істер министрі Ресейден дәнді дақыл экспортының жасалуы үшін жұмыс істегендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар