Түркия-Сауд Арабиясы бірлескен мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн-Селман Анкарада бас қосты.

1847137
Түркия-Сауд Арабиясы бірлескен мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоғанның ресми сапары аясында Түркияға келген Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн-Селманмен оңаша кездесуінің артынан екі елдің бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Түркия-Сауд Арабиясы бірлескен мәлімдемесінде «Келіссөздерде саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік тақырыптарына қоса, өзара қарым-қатынастардағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға шешім қабылданғаны» атап көрсетілді.

Тараптардың аймақтың болашағына қызмет ету үшін тарихи бауырластық негізінде ынтымақтастықты жетілдіре отырып, жалғастыруға шешім қабылданғаны баса айтылған мәлімдемеде сауданы жеңілдету, инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыру және нақты серіктестіктерге айналдыру үшін байланысты күшейту тақырыптарына назар аударылды.

Бірлескен мәлімдемеде сот медицинасы, ғылыми, туристік, денсаулық сақтау, азаматтық авиация, ұлттық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгерісіне қарсы күрес салаларында ынтымақтастық орнатуға бел байлау баса айтылды.

Ханзада Мұхаммед ибн-Селман президент Режеп Тайып Ердоғанның «сапарлары кезінде оған және делегациясына көрсеткен жақындығы мен сүйіспеншілігі» үшін ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар