Түркия Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем жіберді

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы 5,9 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен 500 отбасына азық-түлік жіберді.

1847165
Түркия Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем жіберді

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы кеше Ауғанстанның Пактика уәлаятында болған 5,9 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен 500 отбасына азық-түлік жіберді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы жасаған мәлімдемеде мекеменің аймақтағы делегация құрамындағы топтардың зілзаладан зардап шеккендердің қажеттіліктері үшін жұмылдырылғаны айтылды.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстан делегациясының құрамындағы топтардың жер сілкінісі аймағындағы 500 отбасына азық-түлік салынған пакеттер жібергені атап көрсетілген мәлімдемеде жер сілкінісі болған аймаққа жеткен соң көмек тарату жұмыстарын бастайтын топтардың ауқымды қажеттіліктерді анықтау жұмыстарын жүргізетіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде қажеттіліктер анықтағаннан кейін жер сілкінісінен зардап шеккендерге азық-түлік және басқа да жәрдем материалдарын тасымалдауға қоса шұғыл гуманитарлық көмек шараларының жалғасатыны білдірілді.

Аймақтағы жер сілкінісінде мың адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар