Ердоған Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

​​​​​​​Израиль президенті Герцог президент Ердоғанға Түұркияның террормен күрес талпыныстарына орай алғыс айтты.

1845450
Ердоған Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефонда сөйлесті. 

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда  әңгімеде Түркия-Израиль қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар қолға алынды. 

Президент Ердоған мен Израиль президенті Герцог әңгіме барысында террормен күрес, қауіпсіздік, екі ел қарым-қатынастары, аймақтық мәселелерде диалог ішінде болу, бейбітшілік және тұрақтылық үшін ынтымақтастықты жалғастыру сынды тақырыптарды талқылады.  

Израиль президенті Герцог Түұркияның террормен күрес талпыныстарына орай Ердоғанға алғыс айтты.  

 



Ұқсас жаңалықтар