Чавушоғлуның Балқан сапары жалғасуда

Мевлүт Чавушоғлу С.Македонияның Охрид қаласында өткен «Prespa Dialogue» форумына қатысты.

1844877
Чавушоғлуның Балқан сапары жалғасуда
karadag basbakan yardımcisi, sermaye yatirimlari bakani ve bosnak partisi baskani ibrahimovic.jpg
ilhan kucuk.jpg
hirvatistan cumhurbaskani milanovic.jpg
avusturya disisleri bakani schallenberg.jpg
karadag basbakan yardimcisi ve sermaye yatirimlari bakani ervin ibrahimovic.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Балқан сапары аясында Сербияның артынан Солтүстік Македонияға атбасын бұрып, маңңызды кездесулер өткізді.

Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Македонияның Охрид қаласында өткен «Prespa Dialogue» форумына қатысты.

Сыртқы істер министрі Еуропарламент (ЕП) мүшесі және Еуропалық либералдардың тең төрағасы Илхан Күчүк, Австрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленбергпен өзара кездесулер өткізді.

Хорватия президенті Зоран Миланович тарапынан қабылданған Чавушоғлу Түркия-Хорватия қарым-қатынастарын, Босния және Герцеговинадағы жағдай мен 24 ақпан күнінен бері Ресейдің шабуылына ұшыраған Украинадағы соңғы оқиғаларды бағалады.

Форум аясында Чавушоғлу Черногория премьер-министрінің орынбасары және Капиталдық инвестициялар министрі Эрвин Ибрахимовичпен бас қосты.

Түрік қоғамының өкілдерімен де кездескен Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Солтүстік Македонияның мәдени және экономикалық байлығына елеулі үлес қосқан түрік қауымдастығының өкілдерімен "Эвлад-ы Фатихан"мен (Балқанды жеңісінің батырларының ұлдарымен) бас қостық. Елдеріміз арасындағы достықтың көпірі болып табылатын отандастарымызға әрқашан қолдау көрсетеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар