Хулуси Акар Брюссельде бірқатар кездесу өткізуде

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына орай Бельгияға барды

1844038
Хулуси Акар Брюссельде бірқатар кездесу өткізуде

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына орай Бельгияға барды. Акар Бельгияның астанасы Брюссельде НАТО ғимаратында бірқатар кездесу өткізуде. 

Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладзе, Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен кездескен Акар Италия Қорғаныс министрі Лоренцо Герини және Германия Қорғаныс министрі Кристин Ламбрехтпен бас қосты.

Кездесулерде екі ел арасындағы қарым-қатынас, аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбы қолға алынды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарының бастамасымен ұйымдастырылған «Украина Қорғаныс байланыс тобы жиналысына» да қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар