Министр Хулуси Акар Брюссельде

Хулуси Акар Брюссель сапары аясында кейбір кездесулер өткізді.

1843779
Министр Хулуси Акар Брюссельде

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысу үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтеріне барды.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Брюссельде Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладземен кездесті.

НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына себепті Бельгияның бас қаласы Брюссельде әртүрлі кездесулер өткізген Акар Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладземен бас қосты.

НАТО штаб-пәтерінде өткен кездесуде екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы мен Қаратеңіз және Кавказдағы аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

 

Хулуси Акар алдымен НАТО-ның тұрақты өкілдігі мен Түркияның әскери өкілдігінде болды.

Акар мұндағы сөзінде президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында халықаралық аренада субъектіге айналған Түркияның өте маңызды істер атқарып, елеулі табыстарға қол жеткізгенін білдірді.

Акар әртүрлі факторларға байланысты сезімтал кезеңді бастан өткергендерін атап, әрі Түркияның қорғанысы мен қауіпсіздігі, әрі одақтың қызметі аясындағы жұмыстарды аса сезімталдықпен жалғастырудың маңыздылығын тілге тиек етті.

Екінші жағынан министр Акар НАТО қорғаныс министрлері жиналысының бір бөлігіне шақырылған қонақ ретінде қатысып, Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар