Министр Чавушоғлу Диярбакырда

Министр Чавушоғлу мың күннен астам уақыттан бері митинг өткізіп жатқан «Диярбакыр аналарымен» бас қосты.

1842714
Министр Чавушоғлу Диярбакырда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «PKK мен YPG арасында ешқандай айырмашылық жоқ, олар бірдей террор ұйымы» деді.

Бірқатар кездесулер үшін Диярбакырға барған Мевлүт Чавушоғлу балаларын террор ұйымы алып қашқаны себепті Халықтардың Демократиялық партиясының (ХДП) қалалық филиалы алдында мың күннен астам уақыттан бері митинг өткізіп жатқан «Диярбакыр аналарымен» бас қосты.

Чавушоғлу осында айтқан сөзінде «Олар: ‘Сириядағы ұйымның атауы YPG, PKK-лықтардан басқаша. Сондықтан біз оларды террорист болып қабылдамаймыз’ дегілері келеді. Қазір НАТО-ға мүше болғысы келетін екі ел де бірдей сөйлемге көшкісі келеді. Бірақ біз оларға: ‘PKK мен YPG-нің айырмашылығы жоқ, екеуі де бірдей террор ұйымы. Террор ұйымдары арасында айырмашылық бар сияқты біреуін террор ұйымы, екіншісін құқығын іздеп жатқан ұйым деп көрсеткісі келеді. Күрдтердің қандай құқықтары бар екенін білгіңіз келсе, олардың қандай құқықты қалайтынын білгіңіз келсе, «Диярбакыр аналары» мен әкелерге қонаққа келіңіз. Бізге сенбесеңіз, тікелей олармен әңгімелесіңіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар