Чавушоғлу қонақасында сөз сөйледі

Анкарада "Дос және бауырлас елдермен дипломатиялық  қарым-қатынастарының 30 жылдығы қонақасы" ұйымдастырылды.

1838527
Чавушоғлу қонақасында сөз сөйледі
cavusoglu dost kardes ulkeler resepsiyon.jpg
cavusoglu dost kardes ulkeler resepsiyon.jpg
cavusoglu dost kardes ulkeler resepsiyon.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жаһандық азық-түлік дағдарыстың шешімі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Украина және Ресеймен байланыс жасап жатқандарын айтты, 

Биыл Түркияның Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдавия, Тажікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстанмен дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы. Түркия астана Анкарада "Дос және бауырлас елдермен дипломатиялық  қарым-қатынастарының 30 жылдығы қонақасы" ұйымдастырды. 

Президенттік кітапханада ұйымдастырылған қонақасына Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және аталмыш елдердің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілері, дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. 

Қонақасында сөз сөйлеген Чавушоғлу Түркияның аталмыш елдермен жүздеген жылға тірелген бір достық байланысының болғанын баяндап, "Тәуелсіздіктерін алғаннан кейін осы елдермен қарым-қатынас жасаған бірінші елдің бірі болуы кездейсоқ емес" деді. 

Еуразияның әлемнің ең маңызды стратегиялық аймақ екенін түсіндірген Чавушоғлу "Өкінішке орай соңғы кезде аянышты оқиға болды. 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысы барлығымызға қатты ықпал жасады" деп көрсетті. 

Түркияның жаһандық азық-түлік дағдарысының шешімі үшін де талпыныс көрсеткенін білдірген Чавушоғлу "Бұл тақырыпта Біріккен Ұлттар Ұйымы, Украина және Ресеймен байланыс жасап жатырмыз. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бір делегациямен бұл тақырыпты қолға алу үшін Анкараға келеді. Құрметті досым Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен де телефонда үнемі сөйлесіп тұрмын" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу алдымыздағы күндерде Түркия-Қазақстан-Түрікменстан арасында  үштік жиналыс өткізілетінін атап өтті. 

Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Түрікменстанмен Түркия арасындағы қарым-қатынастарына тоқталған Чавушоғлу "Түркі мемлекеттері ұйымы да ортақ ынтымақтастығымыздың нақтылы жемісі" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар