Финляндия қорғаныс министрі елінің НАТО мүшелігіне тоқталды

Каикконен елінің НАТО мүшелігі процесіне Түркияның қарсы шыққанына байланысты "қазіргі жағдайға шешім табуға дайынбыз" деді.

1837091
Финляндия қорғаныс министрі елінің НАТО мүшелігіне тоқталды

Финляндия Қорғаныс министрі Антти Каикконен елінің НАТО мүшелігі процесіне Түркияның қарсы шыққанына байланысты "қазіргі жағдайға шешім табуға дайынбыз" деді.

Антти Каикконен астана Хельсинкиде елінің НАТО мүшелік процесі  жайлы "Барлық одақтастармен жақын диалог құруды күтудеміз және процестің тез қарқында ілгерлейтінін үміт етеміз" деп көрсетті. 

Каикконен Түркияның Финлядия және Швецияның НАТО мүшелігіне наразылығы туралы бір сұраққа орай, НАТО-ның есігінің ашық екенін білдіріп "Осы айдың аяғында Испанияның астанасы Мадридте ұйымдастырылатын НАТО саммиті қарсаңында бұл мәселенің шешілуін тілеймін" деді. 

Енді бір жағынан Америка Құрама Штаттарында сапарда болған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг те Түркияның Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі тақырыбында айтқан көзқарастарына көңіл бөлу керектігін қайталады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар