Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф Түркияға келді

Президенттік сарайда Президент Ердоған мен Шериф оңаша және делегация аралық бас қосты.

1836364
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф Түркияға келді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия-Пәкістан қарым-қатынастарын екі елдің тарихы, достығы және әлеуетіне лайық түрде стратегиялық көзқараспен одан әрі нығайтуға дайынбыз» деді.

Президент Ердоған мен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда оңаша және делегация аралық келіссөздер мен келісімдердің қол қою рәсімінің артынан ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент Ердоған Шарифтің премьер-министр болғаннан кейінгі алғашқы сапарын Түркияға ұйымдастырып жатқанын айтып, жаңа қызметімен құттықтады.

Түркия мен Пәкістан арасындағы достық пен бауырластық байланыстарының тамырының тарихқа тереңде жатқанына назар аударған Ердоған «Оңтүстік Азия мұсылмандарының ұлтазаттық соғыс кезінде көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытқан емеспіз және ұмытпаймыз. Біз ұлттық күрес жылдарында (1919-1923) жасауы мен зергерлік бұйымдарын бізге сыйға тартқан пәкістандық әйелдердің пидақорлығын ешқашан ұмытқан жоқпыз. Осы тамыры терең байланыстармен нығайған қарым-қатынастарымыз Пәкістан тәуелсіз мемлекет ретінде құрылған 1947 жылдан бері достық және бауырластық негізінде дамып келеді» деді.

Биыл Түркия мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 75 жылдығы екенін еске салған Ердоған премьер-министр Шарифпен оңаша және делегация аралық кездесулерде екіжақты қарым-қатынастарды, аймақтық және жаһандық мәселелерді жан-жақты талқылағандарын білдірді.

Жаңа типтегі коронавирус індетіне қарамастан екіжақты сауданы дамыта алғандарын және 2011 жылдан бері алғаш рет сауда көлемін 1 миллиард доллардан асқанын атап көрсеткен Ердоған «Өздеріңізге мәлім мақсатымыз 5 миллиард доллар. Әсіресе туризм, білім беру, логистика, азаматтық авиация, ақпараттық технологиялар және коммуникация сияқты қызмет салаларындағы ынтымақтастығымызды жақсартуға тырысамыз. Шариф мырзаның бүгін бизнес өкілдерімен кездесуі өзара сауда-саттық және инвестицияларымызды арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын» деді.

Түркия мен Пәкістанның табиғи серіктес екенін білдірген қонақ премьер-министр екі елдің алдында тұрған мүмкіндіктер мен қиындықтардың бірдей екенін айтты.

Шариф Пәкістанның әрдайым Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) халқының күресін жақтап, олардың заңды талаптарын қолдағанын білдірді.

Пәкістанның террормен күресте әрқашан Түркияның жанында екенін тілге тиек еткен Пәкістан премьер-министр Шариф «Түркияның жауы әруақыт Пәкістанның да жауы. Біз мұны ашық айтамыз. Бұл қауіптерге (Түркияға бағытталған) әрқашан қарсы болдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар