Яшар Гүлер Болгарияда кездесу өткізді

Яшар Гүлер Болгария Бас Штаб төрағасы адмирал Ефтим Ефтимо және Қорғаныс министрі Драгомир Заковпен кездесті.

1835332
Яшар Гүлер Болгарияда кездесу өткізді

Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер екі күндік ресми сапармен Болгарияға барды. 

Яшар Гүлер Болгария Бас Штаб төрағасы адмирал Ефтим Ефтимо және Қорғаныс министрі Драгомир Заковпен кездесті.

Болгария Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде елге кеше барған Яшар Гүлердің ресми рәсіммен күтіп алынғаны білдірілді.

Министрліктегі екі жақтылы кездесулерде қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық тақырыптары, Украинада 24 ақпаннан бері жалғасқан соғыс себепті НАТО одақтас елдеріне төнген қауіп тақырыптары бағаланды.

Тараптар Ресейдің Украинаға шабуылына жауап ретінде НАТО-ның шығыс қанатында, әсіресе  Қаратеңіз аймағындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты бекемдеу және ұйымдасу керектігі жөнінде ортақ көзқарасқа келді.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі стратегиялық ортақ және одақтас болған Болгария мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастыққа деген ризалық жеткізілді.

НАТО-ның қырағылығының артуына байланысты аймақтағы көп ұлтты әскери жасақтар арасындағы ұйымшылдық пен билікті арттырудың қажеттілігі атап көрсетілді.

Болгария мен Түркияның Балкан аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі ортақ талпыныстары қолға алынған кездесулерде  әскери ынтымақтастықтың ойдағыдай екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар