"Түркияға қару сатуымызға болады"

Швеция бүгінгі шарттарда Түркияға қару экспорттай алатынын жариялады.

1834475
"Түркияға қару сатуымызға болады"

Швеция бүгінгі шарттарда Түркияға қару экспорттай алатынын жариялады.

Швеция Мемлекеттік қару-жарақ экспортын бақылау агенттігінің (ISP) төрағасы Карл Эвертссон елінің НАТО-ға мүшелік өтінішіне байланысты Түркиямен жүргізілген келіссөздер жөнінде “Expressen» газетіне мәлімдеме жасады.

Швеция қорғаныс комиссиясы талап еткен шарттарда қару экспорттағандарын атап көрсеткен Эвертссон: "Түркия қазір біздің қаруымызға мұқтаж емес. Олар бізден қару алмайды. Қорғаныс комиссиясының өтініштерін жеке-жеке бағалаймыз. Бүгінгі шарттарда Түркияға қару сатуымызға болады" деді.

Эвертссон Швецияда жасалған танкке қарсы AT-4 қаруының бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның қолына қалай түскені туралы сұраққа жауап берді. "Біз бұл қаруларды террор ұйымдарына экспорттамаймыз. Бұл сөз болып отырған қарулардың да Америка Құрама Штаттарының лицензиясы бойынша шығарылғанына және үшінші елдерге жіберілуіне рұқсат етілмейтініне назар аудармағанымызға байланысты болуы мүмкін" деді ол.

ISP 2019 жылдың 15 қазанында Түркияға қару сатуға тыйым салған болатын.

«SR» мемлекеттік радиосының хабарына қарағанда, осы күннен кейін Швециядағы 3 жеке қару өндіруші фирманың Түркияға қару сату туралы өтініші қабылданбады.



Ұқсас жаңалықтар