Министр Кожа Гебрейесуспен кездесті

Бас директор Тедрос Адханом Гебрейесус індетпен күресте Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыруды қалайтынын білдірді.

1831430
Министр Кожа  Гебрейесуспен кездесті

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 75-ші Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы аясында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті.

Министр Кожа Түркияның төмен және орта кірісті елдердің жаңа типті коронавирус індеті вакцинасына қол жеткізуі тақырыбында жақсы қолдау бергенін білдіріп, осы аяда Африканы вакцинамен қамдауға назар аударғанын айтты.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус індетпен күресте Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыруды қалайтынын білдірді.

Түркияның Ковид-19 вакцинасы TURKOVAC-ты өндіргеніне риза болғанын білдірген Бас директор сонымен қатар BioNTech вакцинасын түрік профессорлары жасағандықтан түрік вакцинасы деп санауға болатынын айтты.

Министр Кожа  осыдан кейін Индонезияның Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикинмен екіжақты кездесу өткізді.

Министр Кожа кездесуде Индонезияның Үлкен-20 кезекті төрағалығына орай әріптесін құттықтады. Үлкен-20 елдерінің биылғы кездесулерінде денсаулық тақырыптарының басты орынға алынуына ризалығын жеткізді.

75-ші Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы 28 мамырда аяқталады. 



Ұқсас жаңалықтар