Министр Чавушоғлу палестиналық әріптесімен бас қосты

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін басылатын қадамдарды талқылады.

1831760
Министр Чавушоғлу палестиналық әріптесімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Палестина сапары барысында палестиналық әріптесі Рияд әл-Маликимен екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін басылатын қадамдарды талқылады.

Чавушоғлу басқыншылық астындағы Шерияның батысындағы Рамаллах қаласындағы Палестина Сыртқы істер министрлігі ғимаратында Маликимен алдымен оңаша кейін делегация аралық кездесу өткізді.

Дипломатиялық дереккөздерге қарағанда әңгіме барысында екіжақты сауданы арттырудың жолдары талқыланды және маусым айының соңында Түркия-Палестина Ортақ Экономикалық комиссиясы (KEK) отырысын өткізуге шешім қабылданды.

Түркия Палаталар және биржалар одағының Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласында бір өнеркәсіптік аймақ салу жобасы да бағаланды.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Палестина әкімшілігімен ынтымақтастығын арттыруының да күн тәртіпке келгені білдірілді.

Кездесуде Палестина экономикасын қолдау жолдары мен Палестина экономикасын жандандыру үшін қабылданатын шараларға қоса Әл-Акса мешітіндегі жағдай талқыланды.

Кездесуден кейін тараптардың Түркия-Палестина ортақ комитет отырысын бастағаны мәлімденді.

Түркия-Палестина ортақ комитетінің екінші отырысының артынан Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркияда университет бітірген палестиналықтармен бас қосады.

Сондай-ақ Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың Сыртқы істер министрі Чавушоғлун қабылдайтыны айтылды.

Чавушоғлу ертең Израильге оралып, әріптесі Яир Лапидпен оңаша және делегация аралық кездеседі.

Кездесу барысында аймақтық және жаһандық мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар бойынша пікір алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар