Ердоған мен Столтенберг телефонда әңгімелесті

Президент Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефонда сөйлесті.

1830192
Ердоған мен Столтенберг телефонда әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның терроризммен күрестен бастап, іргелі мәселелерде Түркиямен ынтымақтастықты анық көрсетпейінше, бұл елдердің НАТО мүшелігіне оң көзқараспен қарай алмайтындарын білдірді.

Президент Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефонда сөйлесті.

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтініштерін талқылады.

Президент Ердоған әңгіме барысында Түркияның НАТО-ның ашық есік саясатын шын жүректен қолдайтынын, Швеция мен Финляндияның мүшелік өтінішіне байланысты мәселенің бұл екі елдің Түркияның ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты ұстанымдары екенін айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса Түркияның қауіпсіздік уайымдарын жоюға назар аудару керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар