Ердоған Ресей және Украинамен қарым-қатынастарды бағалады

Президент: «Біз Ресейге де, Украинаға да қатысты теңгерімді саясат жүргізіп жатырмыз»

1829614
Ердоған Ресей және Украинамен қарым-қатынастарды бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз Ресейге де, Украинаға да қатысты теңгерімді саясат жүргізіп жатырмыз» деді.

Президент Ердоған "19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт мерекесіне" орай ұйымдастырылған «Кітапхана әңгімелері» іс-шаралары аясында әр қаладан келген жастармен бас қосты.

Ердоған «Орыс-украин соғысы кезінде бейтарап ұстаным ортаға қойылды. Осы ұстанымның салдарынан әсіресе Ресей немесе батыстан қысым жасалды ма?» деген сұраққа «Біз Ресейге де, Украинаға да қатысты теңгерімді саясат жүргізіп жатырмыз. Не Путин мырза, не болмаса Зеленский мырзамен қарым-қатынасымды үзуге ниетім жоқ. Мен Путин мырза және Зеленскиймен телефон дипломатиясын жалғастырудамын. Оларға арнайы өкілімді жібердім, бұдан кейін де жіберемін» деді.

Президент Ердоған жаңа бір дүниежүзілік соғыстың аймаққа не болмаса әлемге пайда келтірмейтінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар