Ердоған Пәкістан MİLGEM жобасына бейне хабарлама жіберді

Пәкістанның MİLGEM жобасының үшінші кемесі «Бадр» суға түсірілді.

1829804
Ердоған Пәкістан MİLGEM жобасына бейне хабарлама жіберді

Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан ұлттық кеме (MİLGEM) жобасы аясында Түркия жетілдірген, заманауи қару-жарақ және сенсорлық жүйелерімен жабдықталған 4 кеменің өндірістік процестерінің жоспарланғандай жалғасып жатқанын айтты.

Пәкістанның MİLGEM жобасының үшінші кемесі «Бадр» Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акарға қоса Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Пәкістан қорғаныс өндіріс министрі Мұхаммед Исрар Тарин және басқа да лауазымдылар қатысқан рәсіммен Карачи кеме өңдеу зауытында суға түсірілді.

Рәсімге бейне хабарлама жолдаған президент Ердоған екі ел арасындағы тарихи байланыстардың ең нақты мысалдарының бірі болған жобаның құт әкелуін тілей отырып, «Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы тәжірибелерді достарымызбен бөлісу ниетіміздің белгісі ретінде Пәкістанның MİLGEM жобасын одан үлкен ынтымақтастықтың да жаршысы ретінде қабылдаймын» деді.

Пәкістанды әлемнің алдыңғы қатарлы аймақтарының қатарында орын алған Азияның оңтүстігіндегі ең стратегиялық ел деп бағалаған Президент Ердоған «Қауіпсіздігін, тұрақтылығын, өркендеуін өзімізбен теңдестірген Пәкістанның әскери инфрақұрылымын нығайтуға барлық үлесті қосуды бауырластық құқығымыздың талабы деп білеміз. Осы түсіністікпен Пәкістан Әскери-теңіз күштері үшін 4 дана MİLGEM корвет салу үшін бастаған жобаның эпидемия кезеңіне қарамастан, белгіленген күнтізбе бойынша кешіктірмей жалғасуын қамтамасыз еттік. Екеуі Пәкістанда, екеуі біздің елде жасалған кемелердің құрылыс сатылары бірінен соң бірі аяқталуда» деді.

Пәкістан MİLGEM жобасы аясында «Бабур» атты кемені өткен жылы Стамбулда Пәкістан президенті Ариф Альвидің қатысуымен өткен салтанатты рәсіммен суға түсіргендерін еске салған Ердоған бүгін «Бадр» кемесінің суға түсіргендері үшін қуанышты екендерін білдірді.

Президент Ердоған жобаның тағы бір кемесі «Кайбардың» болса қыркүйек айында Стамбулда суға түсірілетінін жариялаған президент Ердоған «Еліміз әзірлеген заманауи қару-жарақ және сенсорлық жүйелермен жабдықталған бұл кемелердің барлығының өндірістік процестері жоспарлы түрде жүріп жатыр. Әуе қорғанысынан су асты қорғанысына дейін барлық әскери міндетті атқара алатын бұл 4 кеменің жеткізілімі 2023 жылдың тамыз айынан бастап, 6 айлық мерзімдермен жүзеге асырылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар