Чавушоғлу БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон форумына қатысты

Чавушоғлу Армениядағы әкімшіліктің ішкі радикалдар мен диаспораның қысымында екенін мәлімдеді.

1829640
Чавушоғлу БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон форумына қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Арменияның Әзербайжан туралы тақырыбында игі ниетті көзқарастарға жауап қайтару керектігін атап, «Армениядағы әкімшіліктің іштегі радикалдар мен диаспораның қысымына ұшырағанын көреміз» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықаралық көші-қон форумына қатысқаннан кейін Әзербайжан журналистерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Әзербайжанның (Қарабах) жеңісінен кейін аймақта бейбітшілік пен тыныштықты қалайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу Арменияға ауқымды бір бейбітшілік келісімі ұсынылғанын еске салды.

Кейінірек шекараларды анықтау үшін ортақ комиссия құрудың күн тәртібіне келгенін, Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен кездесулерде осы тақырыптарда келісім жасалғанын және ортақ бір шекара комиссиясының құрылғанын білдірген Чавушоғлу «Ауқымды бейбітшілік келісімі келіссөздерін Сыртқы істер министрлері жүргізсін деді, біз де қуандық, риза болдық» деді.

Әзербайжанның сондай-ақ Түркия-Армения келіссөздерді де қолдағанын және мұның болымды нәрсе екенін айтқан Чавушоғлу «Енді Арменияның да осы ізгі ниетті көзқарастарға жауап беру керектігін әрқашан айтамыз және ынталандырамыз. Армениядағы әкімшіліктің ішкі радикалдар мен сырттағы диаспораның қысымында екенін көріп отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар