Түркия Финляндия және Швецияның НАТО өтінішіне қарсы

Президент Ердоған ""НАТО қауіпсіздік ұйымы, террор ұйымындарын қабылдай алмаймыз. Бұл елдер  PKK/YPG-ге үй иелігін жасауда" деді.

1829280
Түркия Финляндия және Швецияның НАТО өтінішіне қарсы
erdogan genclerle bulusma1.jpg
erdogan genclerle bulusma.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия және Швецияның НАТО өтінішіне байланысты "НАТО қауіпсіздік ұйымы болып табылады. Террор ұйымындарын қабылдай алмаймыз. Бұл елдер  PKK/YPG-ге үй иелігін жасауда" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік ұлттық кітапханада ұйымдастырылған "Кітапхана сұхбаты" атты бағдарламада Түркияның түрлі провинциясынан келген жастармен кездесті. 

Жастардың сұрақтарына жауап берген Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы   PKK/YPG-ге үй иелігін жасаған Финляндия және Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы екенін, сондай-ақ Швецияның бір террор ұйымы болғанын айтты. 

НАТО-ның бір қауіпсіздік ұйымы екенін түсіндірген Ердоған "Бұндай бір қауіпсіздік ұйымының ішінде біз террор ұйымдарын қабылдай алмаймыз. Саясатытымызды табанды түрде жалғастырамыз" деді. 

Ердоған Ресей-Украина соғысына байланысты бір сұраққа орай Түркияның екі елмен де бірдей тепе-теңдік саясат ұстанғанын, бұл саясатта аталмыш елдердің президенттері Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен байланысының жалғасатынын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар