Октай алжирлік ғалымдарды бірге жұмыс істеуге шақырды

Фуат Октай: "Алжир ғалымдарын түрік ғалымдарымен бірге жұмыс істеуге шақырамын"деді.

1828387
Октай алжирлік  ғалымдарды бірге жұмыс істеуге шақырды

Стамбул Университеті Алжир президенті Абдельмаджид Теббунға құрметті доктор атағын берді. Вице-президент Фуат Октай Алжир президенті Абдельмаджид Теббун үшін ұйымдастырылған Құрметті доктор атағын беру рәсімінде сөз сөйледі. 

Екі дос және бауырлас елдің 500 жылға созылған ортақ тарихының болғанын түсіндірген Октай екі ел арасында 60 жылдан бері дипломатиялық қарым-қатынастарының жалғасқанын еске салды. 

Фуат Октай сауда, инвестиция, мәдениет және білім беру сынды салаларда Алжир мен Түркия арасында күшті бір ынтымақтастықтың болғанын айтты.

Октай "Алжир ғалымдарын түрік ғалымдарымен бірге жұмыс істеуге шақырамын. Технология, энергия және табиғи ресурстар, кеме және теңіз технологиясы сынды көптеген салада бірге жұмыс істейік" деді. 

Октай нақтылы нәтижеге жету үшін Түркияның қолынан келген жәрдемді беретінін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар