Ердоғаннан Швейция мен Финляндияға наразылық

Президент НАТО-ға мүшелік үдерісімен байланысты Түркияға келетінін жариялаған швед және Фин делегацияларына наразылық білдірді.

1828050
Ердоғаннан Швейция мен Финляндияға наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні НАТО-ға мүшелік үдерісімен байланысты ресми байланыстар аясында Түркияға келетінін жариялаған Финляндия мен Швеция делегацияларына қатысты «Олар бізді көндіруге келе ме екен, кешіріңіз, шаршамағандары жөн болар» деді.

Президент Ердоған ресми сапары аясында бас қала Анкараға келген алжирлік әріптесі Абдулмежид Теббунмен ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Ердоған Швеция мен Финляндия туралы «Екі елдің де лаңкестік ұйымдарға қарсы нақты ұстанымы жоқ» деген мәлімдемесінің артынан «Дүйсенбі күні Түркияға сапарлай келеді. Бізді көндіруге келе ме екен, кешіріңіз, шаршамағандары жөн болар» деді.

Ердоған сондай-ақ «Бәрінен де Түркияға санкция жасайтындардың бұл үдеріс барысында бір қауіпсіздік ұйымы болған НАТО-ға кіруіне «иә» демейміз» деді.

Швеция және Финляндия Сыртқы істер министрлері Анн Линде мен Пекка Хаависто елдерінің НАТО-ға мүшелік өтініштерін талқылау үшін Түркияға келетіндерін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар