Ердоған Аль Нахайян үшін көңіл айтты

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті өмірден өтті.

1826617
Ердоған  Аль Нахайян үшін көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған дүниеден озған Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян үшін көңіл айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда журналисттердің күн тәртіпке байланысты сұрақтарына жауап берді. 

Халифа ибн Заид Аль Нахайянның қайтыс болуына байланысты "Халифа ибн Заид Аль Нахайян ұзақ уақыттан бері ауырып жатыр еді. Марқұмға Алладан рақым, жақындарына саулық және сабыр тілеймін" деді. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян бұрынғы президенттің тұңғыш ұлы, мемлекет басшысы болып тағайындалғанға дейін Абу-Дабиді басқарды. Ол 2004 жылдың 3 қарашасында президент болып сайланды. 2014 жылдың қаңтарында Халифа жүрек ауруына душар болып, билік оның бауыры Мухаммад ибн Заид Аль Нахайянға өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар